Алдын ала қорытынды: 7 млн 820 мың 918 адам: Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы таңдау жасаған

26
фото ТО ӨКҚ

Аймақтар бойынша Түркістан облысы ең белсенді үштіктің қатарында — дауыс берушілердің 75,31 пайызы таңдау жасаған. 6 қазандағы республикалық референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат жарияланды.

6 қазанда дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОРК мүшелері дауыс берушілердің қатысуы туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87% -і бюллетень алды.
Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:
1. Абай облысы бойынша – 69,57 %
2. Ақмола облысы бойынша – 71,63 %
3. Ақтөбе облысы бойынша – 75,11 %
4. Алматы облысы бойынша – 68,71 %
5. Атырау облысы бойынша – 63,28%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,03%
7. Жамбыл облысы бойынша – 61,28%
8. Жетісу облысы бойынша – 68,01 %
9. Қарағанды облысы бойынша – 72,12 %
10. Қостанай облысы бойынша – 73,45 %
11. Қызылорда облысы бойынша – 82,48 %
12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,03 %
13. Павлодар облысы бойынша – 65,09 %
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 66,31 %
15. Түркістан облысы бойынша – 75,31%
16. Ұлытау облысы бойынша – 70,69 %
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 73,79 %
18. Астана қаласы бойынша – 50,81 %
19. Алматы қаласы бойынша – 25,39 %
20. Шымкент қаласы бойынша – 70,57%
Учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Учаскеде дауыстарды санау уақыты оларды санау басталғаннан кейінгі он екі сағаттан аспауға тиіс.