«Алқабилерді іріктеу мәселесін халыққа түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

67
фото ТС

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Д.Мадалиев «Алқабилерді іріктеу мәселесін халыққа түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс шараға Түркістан облыстық және қалалық прокуратурасының өкілдері, Түркістан облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің заңгерлері, мектеп және балабақша қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Д.Мадалиев, алқабилер заңының пайда болу тарихына қысқаша шолу жасап, түсіндірме бере отырып, алқабилер соты қолданылатын салаларды кеңейтуге байланысты алқабилерді іріктеу барысында оңтайландыру жүргізу қажеттігін, бұл үрдісті оңтайландыру үшін алқабилерге үміткерлердің тізімін жергілікті атқару органдарымен құрастырылған сапаны жақсарту бойынша жүйелік жұмыс жасау керектігін айтты.
Іс шараға қатысушылар бір-бірімен алқабилердің іріктелуінің тәртібі туралы сұрақтарын қойып, заңын талқылап, сұрақ жауап арқылы пікір таластырып, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Іс шараның мақсаты «Алқабилер алқасын іріктеу мәселесін халыққа түсіндіру» туралы халыққа дұрыс түсіндірме беру, оның Заңнамасын түсіндіру, Алқаби институты не екенін және қай кезде қолданылатынын, сондай-ақ аталған заңды қолданған кезде, сот қатысушыларының міндеттерін түсіндіру, нақтылап айтқанда Алқабиге үміткерлердің міндеттерін түсіндіру.
Жиын соңында, қатысушылар спикерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті ұсыныстарын жеткізді.