Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының басшыларымен арнайы мәжіліс өтті. Оған құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары қатысты. Мәжілісті Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова төрағалық жасап, жүргізіп отырды. Маңызды жиынның күн тәртібінде Кәмелет жасына толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың профилактикасы жөнінде мәселе талқыланды.
Бірінші Кентау қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасры полиция подполковнигі Абдрахман Тоқбергенов Жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың профилактикасы бойынша баяндама жасады.
Түркістан облысы ПД нұсқамасына сәйкес 3 рет «Жасөспірім» 2 рет «Абайлаңыз балалар» және «жасөспірім және құқық» іс шаралары өткізіліп, мүдделі орган өкілдері қатыстырылды. Іс-шаралар барысында, Кентау қаласы ПБ қызметкерлерімен, күнделікті кәмелетке толмағандар қылмысының алдын-алу профилактикасы барысында күндізгі және түнгі мезгілдерде көшелер мен ойын сауық орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Рейд барысында түнгі мезгілдерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген -274 жасөспірім, ойын-сауық орнында болған 8 жасөспірім, Ұсақ бұзақылық жасаған 7 жасөспірім анықталған. Ата-аналық міндетін тиісінше орындамайтын 14 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарының алдын алу бойынша оқу орындарында 246 рет кездесулер өткізіліп, құқықтық тақырыпта түсініктер берілген.
Кентау қалалық білім бөлімінің бас маманы Едіге Әпиев жалпы бөлімге қарасты білім беретін мектептердегі кәмелет жасына толмағандармен жасалатын қылмыстардың және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Жиын соңында мәжіліске қатысушылардың ұсыныстары мен ескертпелері хаттамаға енгізілді.