Атыс қаруын өткізумен айналысқандар құрықталды

23
фото ҰҚК

Жуырда ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратура және полиция органдарының көмегімен жергілікті тұрғындар ұйымдастырған атыс қаруын өткізу арнасының жолын кесті.

Қазақстанның 3 азаматы ұсталып, олардан 5 атыс қаруы және әр түрлі калибрдегі 128 патрон алынды. 2 бірлік қарудың 2022 жылғы «қаңтар» оқиғасы кезінде қару сататын дүкендерден ұрланғаны белгілі болды.

Қылмыстық кодекстің 287-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адамдардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.