Біз өз таңдауымызды жасадық!

20
фото ШӨКҚ

Сіз де өз таңдауыңызды жасап, республикалық референдумға қатысу арқылы конституциялық құқыңызды жүзеге асырыңыз. Осы мемлекеттің азаматы ретінде өз даусыңыздың маңызын сезініңіз.

Жаһандық сын-қатерлер уақытында бүгінгі референдум қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың, өркендеудің кепілі болып отыр.

Мемлекет өмiрiндегі аса маңызды мәселеге арналған бүкiлхалықтық дауыс беру — болашақ мәселелерді халықпен бірге шешудің жолы. Бұл биліктің халық пікірімен санасуы, үлкен өзгерістің бастамасы деп білемін.

Бұл референдум әрбір қазақстандықтың саяси мәдениетін, жауапкершілігін, билікке деген сенімін арттырады.

Референдумға қатысып, қоғамға үн қосу арқылы еліміздің жарқын болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күнде жұдырықтай жұмылуға шақырамын!

Сәуле Рысбаева, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы

                Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиал доценті, саяси ғылымдар кандидаты