Дәрігерлер науқасқа үш күрделі отаны бір мезетте жасады

39
фото ШҚДСБ
Шымкент қалалық №2 ауруханасында бір уақытта 73 жастағы науқасқа үш күрделі операция жасалды. Науқастың диагнозы: бас миының ісігі, омыртқа жарығы, омыртқаның патологиялық сынуы.
Алдымен нейрохирургтар бас миындағы ісікті толық алып тастады. Бірінші операция сәтті аяқталғаннан кейін, мойын омыртқасындағы «грыжа» алынып тасталды. Екінші операция да сәтті өтті, одан кейін — омыртқаның патологиялық сынуын тұрақтандыру үшін фиксация жасау операциясы үшінші болып жасалды.
Бұл операциялар заманауи медицинаның жоғары деңгейін, дамыған технологиялар мен мамандардың біліктілігінің арқасында бірнеше күрделі хирургиялық араласуларды бір мезетте жүзеге асыру мүмкіндігін көрсетеді.
Науқас қазіргі уақытта бөлімшеге ауыстырылды, жағдайы жақсы.