2024 жылдың қазанында Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен Қарағанды қаласына есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.
Аталған арнаны ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның 2 азаматы ұсталды. Іске қатысы бар адамдардың тұрғын үйін тінту барысында 30 кг наша есірткі заты, шолақ және жарақат салатын қару тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.