Гір көтеруден шардаралықтар жеңіс тұғырынан көрінді

78
фото ШАӘБҚ

Қазан айының 10-15 күндері Грекия елінің Корфу қаласында гір спортынан ересектер арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен өз елдерінің ең мықты, гір тасын көтеруші хас шеберлері жиналған байрақты бәсекеде, жерлестеріміз өз күштерін ортаға салып, Шардара ауданының спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдені иеленді.

Серпе көтеруден Байдуллаев Бағжан (63 кг) 1-орын,Қуаныш Ерасыл (78 кг) 3-орын. Ал ұзын айналымда көтеруден
Қуаныш Ерасыл (78кг) 1-орын\ алса, жұлқа көтеруден Шинтанов Бақдаулет (95кг) 3-орын иеленді. Командалық эстафетадан Тұрғанбай Нұрбатыр 2-орыннан көрінді.