Мәслихаттардың тиімділігі депутаттардың кәсібилігіне тікелей байланысты

25
фото ortkom

Бүгін барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумы өтті. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, Мемлекет басшысы өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы екенін атап өтті.

2022 жылы референдум арқылы Конституцияға маңызды өзгерістер енгізілгеніне тоқталған Президент соның нәтижесінде Парламенттің рөлі айтарлықтай күшейгенін, жалпы билік институттарының жұмысын жетілдіру үшін нақты шаралар қабылданғанын алға тартты.

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының II республикалық форумында жастардың және қыз-келіншектердің реформаларды жүзеге асыруда, еліміздің өркендеуіне қосқан үлесі жайлы атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті: «Бүгін де ортамызда көптеген жас депутаттар отыр. Олар түрлі мінберден жастарға қатысты өзекті мәселелерді батыл көтеріп жүр. Өкілді билікте әйелдердің қатары көбейе түсті. Елімізде қыз-келіншектердің бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Әйелдердің құқығын қорғауға баса назар аударылып жатыр. Осының бәрі реформаның нақты нәтижесі екені сөзсіз».

Президент өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы екенін атап өтіп, 2022 жылы референдум арқылы Конституцияға маңызды өзгерістер енгізілгенін, соның нәтижесінде Парламенттің рөлі айтарлықтай күшейгенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жалпы билік институттарының жұмысын жетілдіру үшін нақты шаралар қабылданғанына назар аударды. Жеріглікті мәслихаттардың да құзыры кеңейгенін алға тартты.

«Мәслихаттар – жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі негізгі институт. Сондықтан оның тиімділігі депутаттардың кәсібилігіне тікелей байланысты. Біліміне білігі сай депутаттар корпусын жасақтауға, ең алдымен, оларды ұсынған партиялар мүдделі болуы керек. Форумда мәслихат депутаттарының біліктілігін жетілдіру туралы ұсыныс айтылды. Мәслихат депутаттары қызметінің тиімділігін арттыру үшін бұл бағытқа ерекше назар аудару қажет. Бұған Мемлекеттік басқару академиясын тарту керек. Партиялар өз депутаттарының біліктілігін жетілдіру мақсатында Академиямен ынтымақтастық орнатқан жөн деп санаймын», —  деп нақтылады мемлекет басшысы.