Науқас балалардың фотосын пайдаланып халықтан 32 млн. теңге жинаған

28

Шымкенттік тұрғын жеңіл ақша табу үшін сырқат балалар туралы ақпаратты пайдаланған. Ол Instagram әлеуметтік желісінде науқас сәбилердің суретін жариялап, ақша жинаған. Осылайша ол 32 млн. теңге пайда тауыпты. Бұл жайт туралы полиция мәлімдеме жасады.

Шымкенттік тұрғын Instagram әлеуметтік желісінде науқас балалардың еміне қаражат жинауға арналған парақша ашып, онда өз есепшотын көрсеткен. Осылайша түрлі ауруға шалдыққан сәбилердің фотосуреттерін пайдаланып, желі қолданушыларын алдап соққан.

Қанат Нұрмағамбетов, ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы:
«Шымкенттік алаяқ Instagram парақшаның дубликатын жасап, балалардың еміне ақша жинау арқылы адамдарды алдаған. Осылайша ол 32 млн. теңге жинаған. Алаяқ ұсталды. Қамауда».

Ал, Қостанай тұрғыны DarkNet пен Telegram арқылы интернет-алаяқтық жасаған. Ол банк карталарының деректемелерін ұрлап, оларды қайта сатқан. Сондай-ақ компьютерлік вирустарды таратуды үйретумен айналысқан көрінеді.

Қанат Нұрмағамбетов, ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы:
«Қостанай тұрғыны DarkNet пен Telegram арқылы интернет-алаяқтық жасаған. Ол 1,5 млн тг пайда тапқан. Фигурант ұсталып, сотталды»

Полиция соңғы жылдары интернет алаяқтарының көбейгенін айтты. Ведомство киберқылмыстарға қарсы күрестің жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.