«Отбасы — бақыт мекені» атты кездесу өтті

63
фото САӘБҚ

«Отбасы бақыт — мекені» тақырыбында отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры , ұлағатты ұстаз Оразкүл Асанғазықызы арнайы ауданның тұрғындарымен кездесті.

Оразкүл Асанғазықызы ауданға қарасты Ақжар ,Жібек жолы, Жартытөбе ауылдық округтерінің және Сарыағаш қаласының тұрғындары , ауданымыздың әжелер алқасының төрайымдары, ақ жаулықты аналар және жастары қатысуымен өткен кездесуде саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу туралы, келешек ұрпаққа салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды сіңіру, бақытты отбасын құрудағы аналардың рөлі, ана тілімізді және елдің әр аймағында жұмыс істеген жылдарындағы өмірлік тәжірибесі туралы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, кездесу барысында қазіргі заманда болып жатқан түрлі оқиғалар, отбасы берекесі және бала тәрбиесі туралы сұрақтар қойылып, мемлекет және қоғам қайраткерінің пікірі мен кеңестерін тыңдады.
Кездесу соңында мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызына құрмет көрсетіліп, алғыс білдірілді.