Қала әкімі Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесті

101

Әшкерелеу, алғыс айту және жұмысқа орналастыру… Бұл кезекті ток-шоудың сюжеті емес, әкімнің Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесуінде болған шынайы оқиғалар. 

Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесу Шаңырақ елдімекенінен басталды. Суыққа қарамастан, тұрғындар Шымкент әкіміне жылдар бойы өз шешімін таппай жүрген мәселелерін жеткізу үшін кездесуге арнайы келді.

Жол мәселесі, жарықтандыру — бұл ең көп көтерілген проблемалар. Дегенмен, тұрғындар даулы учаскелердің иелері жер мәселесін де қозғады.

Ал Сайрам тұрғындары мәселелерінің шешілетініне сенімді. Олар сауал қоюдың орнына бұл мүмкіндікті пайдаланып, аула тазалаушыға аумақтағы тазалық пен және ұқыптылық үшін алғыс айтты.