«Қоңырау шалсам бола ма?»: Алаяқтықпен тұрғындардың телефондарын жымқырған шымкенттік ұсталды

13
фото ШПД

Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Ол тамақтану орталығында бейтаныс азамат ұлынан қоңырау шалу үшін ұялы телефонын сұрап алып, белгісіз бағытта ізін суытқанын хабарлады.

Кейін осыған ұқсас арызбен тағы бір азмат полицияға жүгінді. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мыңға жуық.
Полицейлер «алаяқтық» бабы бойынша тергеуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары аталған қылмыстарға қатысы бар 20 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол смартфондарды ломбардқа өткізіп жібергені белгілі болды.
Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде, оның басқа да осыған ұқсас жайттарға қатысының бар-жоғы тексерілуде.
Құқық қорғаушылар тұрғындарды өздерінің жеке заттарына мұқият болуға шақырады. Егер сіз қандай да бір құқық бұзушылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, бұл туралы дереу полицияға 102 нөмірі арқылы хабарлаңыз.