Ордабасы ауданында Ішкі істер органдарында көп жылдар басшылық қызмет етіп, ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуда ерекше қырағылығымен көзге түскен полиция подполковнигі, зейнеткер Сағынбек Сманов атындағы полиция сыныбы ашылды. Мақсат-жастар арасында қаhармандық пен ержүректілікті дәріптеу.

Шарада сөз алған полиция полковнигі Мақсат Асқаров: «Жас сақшы» полиция сыныбын құру – Ішкі істер министрлігінің жобасы. Ең алдымен жастарды патриотизмге тәрбиелеу, мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталып отыр»-деп атап өтті.
Жиын соңында Сағынбек Пердебекұлының жұбайы Нағима Иманбекқызы полиция сыныбының ашылуына ықпал еткен азаматтарға алғысын білдіріп, жас сақшыларға сәттілік тіледі.