Шымкентте білім беру ұйымдарында қауіпсіздік саласы бойынш селектрлі дәріс өтті. Онда балаларға жер сілкінісі, өрт, су қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Дәріске видео-конференция арқылы 200-ге жуық мекеме қатысты.
Бүгін шымкенттік оқушылардың әдеттегі сабақтары ерекше форматта өтті. Балаларға пән мұғалімдерінің орнына төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері сабақ берді. Олар жер сілкінісі уақытындағы қауіпсіздік тақырыбында дәріс өткізді.
Нұржан Қаракөзев, Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы: «Бұл жаңа жоба, жаңа оқу форматын енгіздік. Бүгінгі таңда барлық білім беру ұйымдарда сыныптық сағаттарында қауіпсіздік мәдениетін арттыру бағытында түрлі бағыттағы сабақ өтеміз. Бұл әрбір мектепте сыныптық сағатта сынып жетекшісі оқушыларымен қауіпсіздік туралы сабақ өтеді».
Балаларға өрт, су, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірлді. Ашық форматта өткен сабаққа 200-ге жуық мектеп, балабақша, колледж өкілдері онлайн қатысты.
Айкөркем Махмуд, 10-сынып оқушысы: «Төтенше жағдай қызметкерлері келіп, бізге төтенше жағдайларда не істеу керек, қандай ережелерді сақтау керек деген секілді барлық қауіпсіздік шараларын көрсетті, түсіндірді. Егер сондай жағдай туындаған кезде біз үрейге берілмей, ережелерге сүйеніп қауіпсіздік сақтау керек».
Айта кетейік, осы жылдың сәуір айынан бастап барлық білім беру мекемесінің 1200-ге жуық мұғалімі төтенше жағдай саласы бойынша білім алып жатыр. Іс-шара білім басқармасы мен төтенше жағдай департаментінің арасындағы келісім негізінде жүзеге асуда.