Қазақтың атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық ойыны – көкпар ойыны ауданымызда да тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Осы орайда, аталған іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қоғамдық тәртіпті сақтай отырып, ойынның бекітілген ереже бойынша өткізілуіне айрықша назар аудару қажет.
Тап осы тақырыпты кеңінен талқылау мақсатында аудан әкімінің орынбасары, Сайрам ауданы көкпар федерациясының төрағасы Мадияр Оразалиевтың төрағалығымен жиын өтті. Аталған жиынға ауылдық округ әкімдері, аудандық полиция басқармасының қызметкерлері, округтердегі көкпар төрешілері қатысты. Басқосуда Сайрам ауданынын кокпар федерациясынын орынбасары Алмас Даулетбақов ұлттық ойынның ұйымдастыру тәртібімен таныстырды.
— «Биыл Сайрам аудандық көкпар федерациясында жаппай көкпар ойындары науқанының ашылуына орай, облыстық көкпар федереациясы мен аудандық ішкі істер полициясы басқармасы арасында өзара келісімшарт түзілген болатын. Бұл жерде федерация тарапынан арнайы ережелер үлгісі бекітілген. Алдымен, көкпар өткізуге ниетті азамат Сайрам ауданы көкпар федерациясына хабардар етуі міндетті. Келесі кезекте жергілікті ауылдық округ әкімдігіне жазбаша түрде өтініш жазуы керек. Себебі, осы жазба арқылы жергілікті атқарушы билік өкілдері мен жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерінің тиісті ақпарат алу мүмкіндігі бар. Егер рұқсатсыз көкпар өткен жағдайда тәртіп сақшыларының белгілі мөлшерде салық салуға қақы бар. Сондықтан жаппай көкпар ойындарын Ақсукент, Ақбұлақ, Қарабұлақ, Көлкент, Қарасу ауылдарында орналасқан арнайы атшабарларда өткізу керек. Сондай-ақ, көкпар беретін адам аудандық көкпар федерациясына ұсыныс білдірген соң, оған арнайы куәлігі бар төрешілер бекітіледі. Мұнда кейбір көкпаршылардың «бармақ басты, көз қысты» әрекеттеріне тыйым салынады» — деді.
Айта кетейік, бүгінде ауданымызда 20-ға жуық төреші бар. Олар бірінші кезекте ойынның ереже сай өткізілуін, қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуын қадағалайды.
Төрешілікке ниеті бар азаматтар облысқа оқуға жіберілетінін айтты.
Сондай-ақ, Алмас Даулетбақов өз сөзінде, төрешілікке ниеті бар азаматтар облыстық көкпар федерациясына оқуға жіберілетінін айтты. Және алдағы уақытта өтетін көкпар ойындарына барша көкпарсүйер қауымның белсене атсалысуларын сұрады.