Сарыағаш ауданында мал ұрылары ұсталды

32
фото inform.kz

 

Тәртіп сақшылары Түркістан облысы Сарыағаш ауданында екі ер адамды анықтап, ұстады. Олар қожайынының қарауынсыз қалған жайылымдағы 30-дан астам қойды ұрлады деген күдікке ілінген.

Ұрылар көлікпен келген. Тез арада ұрланған малдарды бірден 15-20 мың теңгеге сатып жібергені анықталды. Ұсталғандар облыстағы тағы бес мал ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінді.

Сот оларды қамауға алуға санкция берді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.