Сарыағаштық бұрымды бойжеткендер үздіктер қатарында

27
фото САӘБҚ

Ақтау қаласында дзюдо күресінен 11-13 қазан аралығында ерлер мен әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтік ұпай беретін Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия кубогында 52-кг салмақ дәрежесінде Нұрбала Зайнул қола жүлдегер атанды.

Қажетті рейтингтік ұпайларға қол жеткізсе бұрымды бойжеткеніміз әлемдік Grand Slam , Grand Prix турнирлерінде күресуге мүмкіндік алады. Бапкері Олжабай Бейсенбаев.
Сонымен қатар, 7-13 қазан аралығында Астана қаласында жастар және жасөспірімдер арасында өткен Грэпплинг күресінен әлем чемпионатында Сымбат Ибрахим 43 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Жаттықтырушысы Серік Мақұл.
Сарыағаштық бұрымдылар ауданға қарасты Қажымұқан атындағы балар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері.
Аталған мектептің грэпплинг бөлімі Азия чемпионатының 2 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлдегерін сонымен қатар, ҚР чемпионатының 3 алтын , 3 күміс, 6 қола жүлдегерлері мен үздіктерді тәрбиелеген.