Саурандық сарбаз Қорғаныс министрінің сыйлығына ие болды

107
фото САӘБҚ

 Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының бастығы Дильмурат Нұржанов аудан орталығына арнайы келіп, Астана қаласында әскери борышын өтеп келген саурандық сарбазға алғысын білдіріп, ҚР Қорғаныс министрінің арнайы қол сағатын Адыл Үркімбаевқа табыстады. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қатысты.

Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінің тұрғыны Адыл Үркімбаев Астана қаласында әскери борышын өтеп жүрген сәтте елімізде орын алған су тасқыны кезінде қарулы күштер тобы алғашқы күннен төтенше жағдайдың салдарын жоюға көмекке барған болатын. Осыған орай, саурандық сарбаз Адыл Үркімбаевтың ерен ерлігі ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан жоғары бағаланып, қол сағатымен марапатталды.