Шардарада ауыл шаруашылығы техникалары 35 пайызға жаңарды

26
фото ШАӘБҚ

Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына (Концепция) сәйкес, ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту жөніндегі негізгі индикаторлық көрсеткіш саналатын ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау тапсырмасы бойынша 2024 жылға 133 бірлік техника сатып алу көзделсе меже 1,5 есегеге артық орындалды.

Яғни, 206 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары жаңадан сатып алынды. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңадан сатып алу есебінен агроөнеркәсіптік кешен саласының негізгі капиталына 3,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған.
Қазіргі таңда ауданда жалпы ауыл шаруашылығы техникасы, яғни машина-техника паркі 35 пайызға жаңартылды.
Аталған көрсеткіш бойынша өткен 2023 жылдың қорытындысымен облыстық «Алтын күз-2023» мерекесінде Шардара ауданы «Ауыл шаруашылығытехникаларын жаңалау» номинациясы бойынша үздік аудан атанған.
Жалпы ауданда 1589 дана доңғалықты а/ш техникалар бар. Оның 127 данасы шынжыр табанды, 35 данасы астық ору комбайндары және 152 данасы әр түрлі маркадағы мақта теру комбайндары.