Шымкентте полицейлер эпилепсиялық талмасы ұстаған қызға көмектесті

25
фото ШҚПД
Тәртіп сақшылары жедел әрекетінің арқасында тағы бір өмірді құтқарып қалды. Қала көшелерін патрульдеу кезінде Ержан Абуев пен Мұхамедали Сейтмұхтарға көлік жүргізушісі жүгінген. Ер адамның айтуынша, талмасы ұстап бастаған қарындасын мүмкіндігінше тезірек ауруханаға жеткізу керек болған.
Инспекторлар жедел әрекет етіп, көлікті сүйемелдеп жүру арқылы кептеліссіз медициналық мекемеге жеткізді. Осылайша, бірнеше минут ішінде қыз дәрігерлерге тапсырылды.
– Полиция қызметкерлерінің арқасында қазір қарындасымның жағдайы қалыпты. Көп-көп рақмет!, – деп алғысын білдірді азамат.