Шымкентте түсірілген «Шектеусіз үміт» фильмі шетелде жүлде алды

103
Фото: Instagram/marat.teleuov

Шымкентте түсірілген «Шектеусіз үміт» фильмі Калифорния кинофестивалінде «Үздік қысқаметражды деректі фильм» аталымын жеңіп алды.

Фильм режиссері Марат Телеуов Instagram желісіндегі парақшасында фильм туралы қысқаша ғана жазба қалдырған. Онда автор «Біздің фильм, қазір белгілі болғандай, рухы, ақыл-ойы, тіпті физикалық жағынан ең күшті адамдар болып табылатын бес кейіпкердің тарихын баяндайды. Бұл түпнұсқа фильмді орталық телеарналарда көрсетуден бас тартқан әлсіздерге, барлық «атақтылар» үшін өкініш білдіремін. Мен деректі фильмімізге жоғары баға бергені үшін «The Best Shorts Competition 2024, California, USA» ұйымына алғыс айтамын» делінген жазбада.

Аты «Шексіз үміт» деп аударылатын жеңімпаз фильмге келетін болсақ, ол Шымкентте түсірілген. Ондағы барлық кейіпкерлер мен болып жатқан оқиғалардың барлығы шынайы өмірден алынған.