Инстаграмда пайызсыз үй алып беремін деп халықты алдағандар сотталды. Олар 2019 бен 2021 жылдар аралығында азаматтарға төмен бағамен баспана ұсынуға уәде беріп, ақша алған. Ал жиналған қаражатты өздерінің қажеттілігі үшін жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді алуға жұмсаған. «Пайызсыз Баспана» тұрғын үй ұйымы 171 млн теңгеден астам көлемде залал келтірілген.
Жанерке Атыкаева, Шымкент қаласы прокуратурасының ресми өкілі:
«Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен қаржылық пирамида құру және оған басшылық етумен «Пайызсыз Баспана» тұрғын үй ұйымының басшысы мен қызметкерлері 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды»