Сотқа келіп түскен 400 іске 23 жеке қаулы шыққан

31
фото ТС

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Сауранның төрағалығымен «Әкімшілік істерді қарау кезіндегі хаттамадағы кемшіліктер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға Түркістан облысының полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға испекторы М.Туганбаев пен Түркістан облысының аудандық ювеналды полиция тобының полиция қызметкерлері мен осы соттың судьялары қатысты
Мәлімденген тақырып аясында сот төрағасы Б.Сауран әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің дұрыс қаралуы үшін құқық бұзушылық хаттаманың сапалы толтырылуына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексітің (бұдан әрі Кодекс) 738-бабы іс жүргізу тілі қағидаларын қатаң сақтауды және әкімшілік заңнамаға сәйкес жинақталған құжаттардың нақты әрі дұрыс рәсімделуіне, соның ішінде Кодекстің 127-бабы 3-бөлігімен кәмелетке толмағандар қылмыстық әрекет жасаған кезде сотқа жолданған істе Қылмыстық процестік кодекстің 35-бабы 2-бөлігіне сай қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған қаулысы міндетті түрде болуын айтып өтті.
Осы құжаттар болмауына байланысты бірнеше әкімшілік іс өндірістен тоқтатылып, 2024 жылдың 9 айында сотқа келіп түскен 400 іске 23 жеке қаулышықанын мәлімдеді.
Жиында пікір алмасып, сондай-ақ әкімшілік құқық бузушылық туралы материалдың хаттамаларын заң шеңберінде дұрыс толтыру бағытында бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндіктерін бергенін атап өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарына жауаптар берілді