Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сана мен тәрбиені көтеру мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Заң» факультетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Студенттер Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарылық сотының судьясы Ә.Қарабаевтың төрағалық етуімен ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1),3),5) тармақтарымен айыпталған Ж.-ға қатысты қылмыстық істің ашық сот процесіне қатысты.
Сот отырысы аяқталған соң студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, есірткі және психотропты заттарды заңсыз айналым бойынша қылмыстар мен оларға тағайындалатын жазалар туралы сұрақтар талқыланып, оларға жан-жақты жауаптар берілді. Кездесуді қорытындылай келе, студенттер ақпараттық іс-шара үшін алғыстарын білдірді.