Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Т. ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігімен, 259-бабының 1-бөлігімен (терроризмді насихаттау және экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіріп) айыпталған.
Сотталушы әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттап және экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндірген. Сонымен қатар, террористік және экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды жихадқа шақырған.
Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. Прокурор Т.-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы және қорғаушысы жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот, сотталушының жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарының ауырлығын, жасаған қылмыстың әлеуметтік мәнін, жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін толық мойындауын, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін ескере отырып, сот тек бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот, Т.-ға түпкілікті 256-бабының 1-бөлігі, 259-бабының 1-бөлігі негізінде 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.