Түркістан облысында білім саласында қолды болған 1,5 млрд теңге қаржы мемлекетке қайтарылды.
Бүгінде облыстық білім басқармасының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды. Оның ішінде Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілген.
Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге өндіріліп, олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд. теңгелік мүлкіне тыйым салынды.
Мейіржан Мамыров, Облыс прокуратурасының басқарма аға прокуроры: «Бүгінгі күні Түркістан облысында Білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысуда, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді. Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді. Оның ішінде ең көп өндірілген аудандарға Жетісай, Бәйдібек және Мақтаарал аудандары кіреді. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен табылған 3 млрд-қа жуық мүліктерге тыйым салынды».