Түркістан облысында білім саласынан жымқырылған 1,5 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды

109
Фото: kz.oqu.news

 

Түркістан облысы прокуратурасы білім саласынан жымқырылған 1,5 миллиард теңге мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді.

Бүгінгі күні Түркістан облысында Білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысуда, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді.

Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге мүліктеріне тыйым салынды.