Түркістан облысында үшем дүниеге келді

339
Фото: Отырар.кз

Түркістан облысының тағы бір жанұясы үшеммен толықты. Сайрам ауданында тұратын Эгамбердиевтер отбасында екі ұл, бір қыз дүниеге келді. 27 жастағы келіншек енді 4 ұл мен бір ханшайымның анасы. Нәрестелер мен анасының денсаулығы жақсы дейді ақ халаттылар. Бүгін олар перзентханадан үйге шығарылды.

Түркістан облысында тағы бір жанұя үшеммен толықты. Сайрам ауданындағы Эгамбердиевтер отбасында екі ханзада мен бір ханшайым дүние есігін ашты. Бұл Назима Эгамбердиеваның үшінші жүктілігі. 27 жасында көпбалалы ана атанған ол үшемге аяғы ауыр екенін білгенде қатты қуанғанын айтады.

Назима Эгамбердиева, Сайрам ауданының тұрғыны: «Үшем екенін білгенде қатты қуанып кеттік. Жүкітілігім жақсы өтті. Отбасымыздағы бәрі қатты қуанды үшем екенін біліп. Дәрігерлерге алғысым шексіз! Барлығына рахмет!».

Көпбалалы ана нәрестелерін жоспарлы кесір тілігі арқылы босаныпты. 34 аптаға толған сәбилер 17 қазан күні дүниеге келген. 10 күн ішінде ақ халаттылардың бақылауында болды.

Жанар Мұхтарова, №2 облыстық перинаталдық орталығының бөлім меңгерушісі: «Үшем 34 жүктілік мерзімінде жоспарлы кесір тілігі арқылы арқылы босанды. Ұл баланың салмағы 2400 грамм, екінші қыз бала келді, оның салмағы 2490 грамм, ал кішкентайының салмағы 1730 грамм салмақпен туылды. Алғашқы күні балалар жоғарғы күтімді қажет етті, сондықтан балалар жансақтау бөлімінде жатты. Келесі күніне басқа бөлшімге ауыстырылды. Күтім жасалып, тексеру жүргізіліп отырды. Одан кейін балалар анасының қасына ауысты. Қазір балалардың жағдайы бірқалыпты».

Сәбилерге Хасан, Хусан және Фатима есімдері берілді. Отбасын құрғанына 6 жыл толған Эгамбердиевтер жанұясында бұдан бөлек, 3 және 2 жастағы екі ұлы бар.

Ғиязутдин Эгамбердиев, Сайрам ауданының тұрғыны: «Жақсы, өте көңілді күйдемін. Барлығыңызға жұғысты болсын! Осындай балалар, немерелер барша қазақстандықтарға жұғысты болсын! 2 ұлым бар бұдан алдын. Үшеу болды екі ұл, бір қыз, енді бес баламыз бар».

Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйге шығарылды. Айта кетейік, Түркістан облысында жыл басынан бері 8 үшем дүние есігін ашқан.