Үш бәйтерекке 130 жыл: Ұлы тұлғалар шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті

376
Фото: Отырар.кз

Қазақтың үш бірдей бәйтерегінің туғанына биыл 130 жыл! Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин бір жылда туып, бір жылда өмірден өткен қазақ тарихында есімі өшпестей қалған тұлғалар. Шымкентте салт пен дәстүрді дәріптеп, ұлтты сүйреген тұлғалардың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. 

Ұлттық сөз өнерін беделімен биікке көтерген Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин ғұмыры қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен, шығармашылығы ғибратты болған тұлғалар. Биыл қазақтың үші бәйтерегінің туғанына 130 жыл толып отыр. Осыған орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан университетінде «Үш бәйтерек» атты әдеби кеш өтті.

Жиынға студенттер, қаламы қарымды ақын-жазушылар қатысты. Олар алаш зиялыларының шығармашылығынан сыр шертіп, туындыларын талқылады.

Индира Қабыланқызы, Ақпараттық білім беру орталығының директоры: «Жастарға ұлы тұлғаларымызға дәріптеу мақсатында өтіп жатыр. Және де көрме ұйымдастырылып отыр. Ұлы тұлғалардың шығармаларына арналған көрініс және арнау болады. Мақсатымыз – оқу орнының жастарының жадында ұлы тұлғалардың мәңгі болуын және білуін мақсат тұтамыз».

Әдеби кеш өткізудің басты мақсаты — ұлы тұлғалардың есімін, еңбегн дәріптеу, шығармашылығын кеңінен таныту.

«Биыл мемлекетіміз үшін өте айтулы датаға толы жыл. Соның бірі – қазақтың үш бәйтерегі атанған ұлы тұлғалар – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин секілді тұлғаларымыздың туғанына 130 жыл толуына байланысты іс-шараға бәріміз жиналып отырмыз. Біздің университет те бұдан шет қалып жатқан жоқ. Біз де университет тарапынан «Үш бәйтерек» атты осындай кеш өткізіп жатырмыз. Яғни, ұлы тұлғалардың Қазақстанның өркендеуіне үлес қосқанын, тек қана қоғам қайраткерлері емес әдеби, проза, драма саласында еңбектерін дәріптеу мақсатында бүгін жастарға осындай іс-шара өткізіп жатырмыз», — дейді Ғани Бесбаев, М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры м.у.а.

Үш бәйтеректің туғанына 130 жыл толуына арналған іс-шаралар мұнымен тоқтамайды. Жауаптылар бұл бағытта жұмыстар әлі де жалғасатынын айтты.