«Заңсыз келуші» іс шарасы өткізілуде

25
фото МА ПБ

Мақтаарал ауданы аумағында ағымдағы жылдың 14 қазан мен 18 қазан аралығында Республикалық «ЗАҢСЫЗ КЕЛУШІ» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – аудан аумағына заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды, заңсыз келген және тұрып жатқан шетелдіктерді, сот шешімімен ҚР-нан тысқары шығарылған және болу мерзімдері бұзылған шетелдіктерді анықтау, сонымен қатар заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтап, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау болып табылады.