«Жарқын болашаққа қадам бас» атты концерт өтті

20
фото: Отырар.кз

Шымкентте референдумның еліміз үшін маңыздылығын жастарға түсіндіру мақсатында арнайы концерт өтті. Онда түрлі коучтар келушілерге өз білгенімен бөліссе, шара соңы ән шашуға ұласты.

«Жарқын болашаққа қадам бас». Дәл осындай тақырыппен Шымкентте жастарға арналған концерт өтті. Шара барысында танымал бизнес кеңесші, коучтар келіп, қонақтарға арнайы шеберлік сабағын өткізді. Сонымен қатар ел Президентінің Жолдауындағы басты бағыттарды түсіндірді. Студенттер мұндай кештер көбірек ұйымдастырылса деген ұсынысын да жасырмады.

«Жалпы ұнап жатыр. Маған ғана емес, мына жерде қарап тұрсаңыздар көптеген бүкіл жастарға да ұнап жатқан секілді. Себебі мына жердегі жастардың көңіл-күйін көтеріп, көптеген пайдасын тигізетін ақпарат беріп жатыр. Осындай іс-шаралар көп өткізуді сұраймыз. Жастар бұндай іс-шараларды қалайды, қалмай қатысады, көптеп шоғырланып келеді. Жалпы көңіл-күй көтеруден бөлек жақсы таныстық орнайды. Жалпы өзін-өзі аша біледі», — дейді студент Самат Сәбитұлы.

Концерттік бағдарлама барысында қаламызға белгілі жас әншілер өз өнерін көрсетіп, кештің шырайын ашты. Ал Арбат алаңына жиналған жастар, музыкаға қосылып, би де билесті.

Шара мақсаты — науқанның маңыздылығын түсіндіру. Ал ұйымдастырушылар концерттер өткізу арқылы жастарды жігерлендіріп, ел болашағына деген сенімді арттыруға үлес қосудамыз дейді.

«Қаланың тұрғындары, соның ішінде басым бөлігі жастарға азаматтық позициясын қолданып саяси сауаттылығын арттыру мақсатында, өз ой-пікірін қалыптастыру мақсатында және референдумға шақыру мақсатында жасалып жатқан дүние», — дейді  Жастар ресурстық орталығының басшысы Марат Спатаев.

Кеш соңында қатысушылар мен қонақтар өзара пікір алмасып, караоке форматында ән шырқады.