Жеке кәсіпкер түрмеге 24 телефонды кіргізбек болған

22

Шымкенттік жеке кәсіпкер түрмеге 24 телефонды кіргізбек болды. Оқиға Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №53 мекемеде орын алған. Іздестіру барысында құлаққаптар мен қуаттағыштар да табылды. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі: «Жедел іздестіру іс-шараларын жургізу кезінде мекеменің үшінші бақылап өткізу бекетінде жеке кәсіпкерге тиесілі автокөлікті тексеру барысында 24 дана сенсорлы ұялы телефон, 7 дана құлаққап, 7 дана қуаттағыш, 4 дана сымсыз құлаққап және 7 дана биллайн сим картасы табылып тәркіленді»