Жоғары жалақы ұсынса — ойланыңыз…

71
фото egemen.kz

 

Егер сіз жұмыс іздеп курьер (бөлшектеуші, таратушы, кладмен, трафаретші) ретінде жоғары ақы төленетін жұмысқа ұсыныс алсаңыз, ойланыңыз. Өйткені аталған жарнама есірткі бизнесіне тартуды жасырын көздеуі мүмкін.

Жалған табыс туралы хабарландырулардағы сөздер алаңдату қажет. Бұл есірткі сатушылардың айласы.

20 және 22 жастағы екі қыз «жеңіл ақша» табуға шешім қабылдап, интернетте ақша табудың оңай жолын тапқан. Қылмыстық жоспарға сәйкес кураторлардың көрсеткен мекенжайлары бойынша психотроптық заттар мен олардың аналогтарын алып, оларды бөлшектеп орап, таратқан.

Сотталушылардың жалға алған тұрғылықты пәтерден өлшеп оралған 50 грамнан астам мефедрон тәркіленді.

Сотталушылардың соттағы соңғы сөздері: «Құрметті сот  мен қатты өкінемін, бұл оңай ақша болды, өкінішке орай, мен мұны өте кеш түсіндім».

Сот үкімімен сотталушылардың әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.