Жол апатынан 3 адам қаза тапты

30

Түркістан облысында жол апаты болып, үш адам қаза тапты. Оқиға 5 қазанда Алматы-Термез тас жолында болған. Hyundai Stareх машинасы жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, жолаушылар көлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы көз жұмды.

Болған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр.

Ерлан Асқаров, Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары: «Полиция 5 қазанда Түркістан облысындағы Алматы-Термез тас жолында жүк және жолаушылар көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасын тергеп жатыр. Hyundai Stareх маркалы көлігінің жүргізушісі DAF жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, нәтижесінде Hyundai көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тиісті шаралар жүргізілуде».