Жол көлік оқиғасынан төсек тартып жатқан 20 жасар Саяттың хал жағдайын білді

70
фото САӘБҚ
 Бүгін Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, аудандық емхананың бас дәрігері Бахыт Стамқұлов, ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Қалеке және әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Айнұр Бегалиева Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекенінің 20 жасар тұрғыны Саят Әбдімүтәліптің хал-жағдайын сұрап, арнайы барды.
 Саят Әбдімүтәліп 2004 жылы Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекенінде туған. Биыл шілде айында «Қызылорда-Түркістан» тас жолында жол-көлік оқиғасына түсіп, төсекке таңылып, бүгінде жағдайы тұрақты бақылауда. Жол көлік оқиғасынан соң Қызылорда қаласында көп бейінді ауруханада жатып алғашқы емін алған. Сонымен қатар, Түркістан қалалық орталық ауруханасында және «Талғат» клиникасында оңалту шараларын қабылдады.
 Қазіргі таңда ауыр жарақат салдарынан төсек тартып, үй жағдайында ем қабылдауда. Аудандық емхананың барлық қажетті мамандарының толық бақылауында қадағаланып отыр. Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, аудандық емхананың бас дәрігері Бахыт Стамқұлов қажетті барлық оңалту шаралары тұрақты жасалатынын, тұрақты ем алудың арқасында сауығып кетуіне тілектестіктерін білдірді.