Шымкентте IT саласындағы мультилокациялық хакатон 2.0 ауқымды жобасы өтіп жатыр. Жарыста студенттер мен оқушылардан құралған 29 команда бақ сынайды. Олар екі күн бойы 4 бағыт бойынша өз жобаларын жасап шығуы қажет. Жүлде қоры — 50 мың доллар. Қатысушыларға қойылатын талап пен жарыс ережелері қандай?
Бағланбек Қайтбаев бүгін өзінің достарымен бірге ұзақ хронолы фильм немесе видеолардың қысқа мазмұнын оқып айтып беретін жасанды интеллект жасау үстінде. Студенттер жасанды интеллект саласын бірнеше жылдан бері зерттеп, өз кітапханалрын құрған. Бүгін олар жобаларын IT саласындағы хакатонда сынап көрмек.
Бағланбек Қайтбаев, қатысушы: «Ол үшін бізге арнайы кітапханалар керек. Біздің қазір тобымызда мұнымен айналысып жатқан көп балалар бар. Біз өзіміз арнайы кітапхана істегенбіз. Соның нәтижесінде Phyton бағдарламасы арқылы жасап шығамыз. Егер сізде үлкен бір видео болса қазақ тіліндегі, ал сіз оны 2 сағат көріп отыра алмайсыз. Оның мағынасын білу үшін жасанды интеллекті қолданасыз, ол жасанды интеллект сіздің орныңызға барлығын түсініп, сізге мазмұнын айтып береді».
Decentrathon хакатон 2.0 жобасы Шымкентте алғаш рет өтіп жатыр. Жобаға 83 адамнан құралған 29 команда қатысуда. 2 күн өтетін IT саласындағы жарыста студенттер мен оқушылар бақы сынайды.
Тимур Қозыкеев, Shymkent Hub аймақтық менеджері: «Бұл жоба негізі Decentrathon 2.0 екінші рет өтіп жатыр. Шымкент қаласында бірінші рет өткізіп жатырмыз. Жасанды интеллект бойынша өтеді. Шымкент хаб айти экосистеманы дамыту. Біз бұл жерде стартаптарыд шығарамыз, айтишниктерді оқытамыз, коворкинг аймақ пен жұмыс істейтін аймақтар тегін».
Хакатон Қазақстанның 19 өңірін қамтиды. Биыл хакатонға IT саласына қызығушылық танытатын 2000-нан астам қатысушы тіркелген. Олар төрт негізгі бағыт, нақтырақ айтқанда, жасанды интеллект, Blockchain, ойын индустриясы және Telegram шағын қосымшалары бойынша тапсырмаларды шешеді. Хакатонның басты мақсаты – 48 сағат ішінде өзекті мәселелердің жаңа шешімдерін ұсыну.
Дархан Амангелдиев, Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының бас маманы: «Хакатонның мақсаты – берілген 48 сағат ішінде 4 бағытта жаңа шешімдер арқылы қазіргі таңда болып жатқан проблемалардың осы ІТ тұрғыда шешімін табу болып табылады. Өздерінің жобаларын, өзінің жасап жатқан жұмыстары арқылы одан ары қарай республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарға жол ашады».
Жарыстың жүлде қоры — 50 000 доллар. Жеңімпаздар 10 күннен кейін анықталады. Оларға әлемдік деңгейдегі хакатондарда жобаларын ұсынуға жол ашылады.