Созақтық полицейлер алаяқтықтыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған 40 жастағы ер адамды ұстады.
Белгілі болғандай, жылдар бойы достасып келген танысы «ешқандай емтихансыз, жүргізуші куәлігін алып беремін» деп жалған уәде берген. Жәбірленушіден алдын ала 250.000 теңге ақшасын алып, 6 ай бойы алдап келген.
Ал ақшаны жеке басының пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті жігіттің ісі сотқа жолданды.