120-дан астам шетелдік шекара арқылы есірткі алып өтпек болған

23
Түркістан облысының Полиция департаменті

Түркістан облысында 120-дан астам шетелдік Қазақстанға есірткі алып өтпек болған. Контрабанданың басым бөлігі Өзбекстан шекарасынан ел аумағына өту кезінде анықталған. Ал 10 жайт ҚР-нан Өзбекстанға өту кезінде тоқтатылды. Полиция бұл деректердің жыл басынан бері тіркелгенін айтты.

Түркістан облысының Полиция департаменті: «Күдіктілердің 88-і – Өзбекстан азаматы, 37-сі – Тәжікстан азаматы болған. Ал трамадолға қатысты екі қылмыстық іс, бір теріс қылық тіркелді. 1000 трамадол дәрісі тәркіленді. Сондай-ақ есірткі қойып кетуші 34 тұрғын анықталып, олардан 4 келіден астам синтетикалық есірткі алынды. Тікұшақпен аудандарда есірткі егуге ықтимал жерлерге әуемен барлау жұмыстары жүргізілді»

Айта кетсек, тәртіп сақшылары жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 652 дерекке тосқауыл қойды. Сондай ақ, 100-ге жуық есірткіні жарнамалайтын жазба жойылып, заңсыз айналымнан 335 келіге жуық есірткі тәркіленді.