Талдау барысында Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы «Жасыл Аймақ» ШЖҚ РМК 600-ден астам жұмысшыларының жалақысын төлемеуі салдарынан олардың құқықтарының бұзылғанын анықтады.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы қарыз 144 млн теңгеден астам соманы құраған. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде жұмыскерлер алдындағы берешек толық көлемде өтелді.
Жол берілген бұзушылық үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.