50-70 жастағы еркектер скринингтік зерттеуден өтеді

28

 

Қазақстанда орта жастан асқан ер азаматтар жаңа скринингтен өтеді. Сараптама жүрек және қан тамыры ауруларын дер кезінде анықтауға және алдын алуға бағытталған. Медициналық  тексерісті 50 жастан 70 жасқа дейінгі аралықтағы ер азаматтар екі жылда бір рет өткізеді. Бұл скрингтік тексеру міндетті медициналық сақтандыру есебінен тегін жүргізіледі. Айта кетейік, енгізіліп отырған зерттеу келер жылдан бастап жүзеге асады.

Ақмарал Әлназарова, Денсаулық сақтау министрі: «Ми қан айналымының жіті бұзылулары мен миокард инфарктісімен сырқаттанушыларды төмендету мақсатында келесі жылдан бастап барлық сақтандырылған азаматтар үшін амбулаторлық коронарлық ангиография және брахиоцефальды тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуі (мидың қанмен қанығуына жауапты негізгі тамырлар) енгізіледі»

Бұдан өзге 2025 жылдан бастап қыз балалар да скринингтен өтеді. Яғни, 16-17 жастағы қыздар сирек кездесетін генетикалық ауруларға тексеріледі. Сарапшылардың айтуынша, скринингктік зерттеу мүгедектің алдын алу үшін арқа бұлшықет атрафиясына тасымалдаушылық белгілерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Әділет Әнуар