Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, қол астындағы жұмыскерлердің сыйақысын жымқырған шенеунік түрмеге тоғытылмайтын болды. Түркістан облыстық «Ветеринарлық қызмет» басшысы 115 қызметкерге сыйақы ретінде төленген 5 жарым млн теңгені жинап алған. Сот оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындаған.
Данияр Бигайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі: «Түркістан қалалық сотының үкімімен облыстық ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК басшысы Б. Бегманов сотталды. Сот үкімімен Б. Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»