Ақсу Шатқалы саябағын су басу қаупі бар

51
фото САӘБҚ
Сайрам ауданының әкімі Арман  Сәбитов Көлкент ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде аудан басшысы тұрғындарды толғандырған мәселелерді талқылады.
Мұнда азаматтардың қозғаған басты мәселесі — Ақсу өзені бойынан қойылған бөгет салдарынан су деңгейінің көтерілуі. Сондықтан бүгінде Ақсу Шатқалы саябағын әрі футбол алаңын су басу қаупі бар.
Аудан әкімі өз кезегінде, аталған мәселенің шешімі қарастырылатынын айтты. Тиісті сала басшыларына өзенге қойылған бөгетті алып тастауды тапсырды.
Бұдан бөлек, тұрғындардың басқа да көтерілген мәселелерін мұқият тыңдап, оларды мейлінше тез арада шешілуін бақылауда ұстайтынын жеткізді.