Әскери техникалар қысқы кезеңге ауыстырылып жатыр

4
фото Шымкент гарнизон

Шымкент гарнизоны қысқы кезеңге көшуде. Әскери бөлімдерде қару-жарақ пен әскери техника қысқы пайдалану кезеңіне ауыстырылып жатыр. Бұл кезең әскери және арнайы техникаға сапалы қызмет көрсету қару-жарақтың жай-күйін тексеру және анықталған ақауларды жоюға бағытталған дейді мамандар.

Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде маусымдық ауыстыру жұмыстары басталды. Мұнда қару-жарақ пен әскери техника қысқы пайдалану кезеңіне көшіп жатыр. Іс-шара әскери және арнайы техникаға сапалы қызмет көрсету қару-жарақтың жай-күйін тексеру және анықталған ақауларды жоюға бағытталған.
​​​​
Абдуали Әкбәрәліұлы, Танк батальон командирінің материалдық- техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары: «Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Шымкент гаргизоны 35748 әскери бөлімінде әскери техникалар қысқы пайдалану мерзіміне ауыстырылып жатыр. Атқарылған жұмыстардың басты мақсаты әскери техникаларды жылдың 2 мерзімінде жауынгерлік дайындықта ұстау. Бұл — жеке құрамның барлық уақытта ұрысқа дайын болуы болып табылады».

Техниканы қысқа дайындау бірнеше кезеңнен тұрады. Бөлім командирлері атап өткендей, маусымдық ауыстыру жұмыстары ауа райының суығанына дейін басталады. Барлық бөлімшелердің командирлері жанар-жағармай материалдарының және қосалқы бөлшектер мен техникалық қызмет көрсету құралдарының қажетті мөлшерін есептеуді қамтитын іс-қимыл жоспарын алдын ала жасайды. Ал, әскери қызметшілер техниканың әрбір бірлігі мен бөліктерін мұқият тексереді.

Абдуали Әкбәрәліұлы, Танк батальон командирінің материалдық- техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары: «Әскери техникаларды қысқы пайдалану мерзіміне дайындау уақытында жанар- жағармайлардың сорттары ауыстырылды. Жеке құрам қосалқы бөлшектермен  қамтамасыз етілді»

Мамандар жұмыстың әр кезеңінде қауіпсіздік пен тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қатаң нормалар мен ережелер сақталатынынын атап өтті. Себебі әскери қызметшілердің қауіпсіздігі де техниканың дайындығына байланысты дейді жауаптылар.