Білім бөлімінің қызметкерлері бюджеттен 3,7 млрд тг жымқырды деген күдікке ілінді

21
фото АНТИКОР

Шардара аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Мамандардың сөзінше 12 қатысушыдан тұратын топ нақты жұмыс істемеген тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аударып келген.

Антикорлықтар күдікті есепшінің үйін тінту кезінде ақша және мүлдем жұмыс істемеген бірнеше адамның банк карточаларын тәркіледі. Сондай ақ, бухгалтерге тиесілі зергерлік дүкеннен түрлі бұйымдар да табылған. Осылайша күдіктілер мемлекетке 3,7 млрд. теңге залал келтірген.

Данияр Бигайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі: «Қабылданған шаралармен жалпы сомасы 639,8 млн теңгеге залал өтелді және мүлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің аяқталуы туралы есеппен прокуратураға жіберілді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды»