Есірткі зертханасын ұйымдастырған екі қала тұрғыны құрықталды

20
Фото: ШҚОПБҚ

Қалалық прокуратурасының үйлестіруімен ҰҚК-ның Шымкент қаласы бойынша департаменті жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қала аумағында есірткі заттарын өткізу мақсатында есірткі зертханасын ұйымдастырған екі қала тұрғынын құрықтады.

Тінту барысында «Альфа PVP» есірткі затының 10кг жуық өнімі ұнтақ түрінде, 60 литрге жуық өнімі сұйық түрінде, 240 литр химиялық заттар(прекурсорлар) және лабораториялық құрал жабдықтар(вакуум, реактор, желдеткіш, сүзгі, таразы, фольга, гофралар, колба, жылытқыш, тоңазытқыш құралдар, респиратор, қолғап және т.б.), сондай-ақ дайын өнімдерді кептіруге арналған сөрелер анықталып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1),3)-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды, бұл қылмыс үшін 15 жылға дейн бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. ҚР ҚПК-нің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.