Кәсіпкерлер палатасында туризм салалық кеңесінің отырысы өтті

22
фото ШКП

 

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Туризм салалық кеңесінің отырысы өтті. Кеңес төрағасы Дінмұхаммед Зиятбековтың модераторлығымен өткен жиынға Палата басшылығы, туристік агенттіктердің жетекшілері, кәсіпкерлер қатысты.

Жиын күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев Палата Өңірлік кеңесінің алдағы сайлауы және сайлауға делегаттарды ұсыну туралы түсіндіріп өтті.

«Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі бақылау органы болып саналады және кәсіпкерлік субъектілерінің делегаттарынан, қауымдастықтар мен одақтардың өкілдерінен құралады. Өңірлік кеңес 4 жылға сайланады және жалпы құрамы 25 мүшеден тұрады. Өңірлік кеңес мүшелерінің сайлауына құжаттар тапсырып, үміткерлерді тіркеу 2024 жылдың желтоқсан айында басталып, сайлау келесі жылдың қаңтар айында өтеді. Осы сайлауға белсене қатысуға шақырамын», – деді Бауыржан Бердалиев.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша кеңес төрағасы Дінмұхаммед Зиятбеков төрағаның туризм саласы бойынша орынбасарын сайлау мәселесін көтерді.

Көпшіліктің ұсынысы бойынша Ромэлла Пак туризм салалық кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды.

Сонымен қатар, Шымкенттегі туризм және креативті индустрия салаларын дамыту, оның ішінде Shymqala кешенін жаңарту туралы кәсіпкерлердің ұсыныстары айтылып, талқыланды.

Жиын соңында үшінші мегаполистің туризм саласының дамуына қосқан үлесі үшін Selfie Travel туроператорының қаржылық директоры Альфия Құрбановаға ҚР Туризм және спорт министрінің Алғыс хаты табысталды.