Мефедрон сатып — сақтағаны үшін үкім жарияланды

22
Фото: citysakh.ru
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен, 296-бабының 3-бөлігімен (психотропты заттармен, сол тектестерді ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз иемдену, сақтау, тасымалдау) айыпталған Қ.-ға қатысты қылмыстық іс ашық сот отырысында қаралды.
Сотталушы 2024 жылдың наурыз айында Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесінің бойында «Данияр» бүркеншік атты тұлғаға массасы 1,92 грамм болған психотропты заттың аналогы – мефедронды өткізген және оның автокөлігін тінту кезінде салоннан қалған 0,35 грамм мефедрон тәркіленіп алынған.
Куәлердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сот сараптамаларының тұжырымдарымен дәлелденеді.
Прокурор Қ.-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы өзінің әрекетін ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігіне қайта саралап, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Сот, Қ-ны ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен, 296-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған қылмыстар жиынтығы бойынша 11жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген.