Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына қойылатын талаптар

23
фото elements.envato.com

 

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары (балабақшалар) үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 09.07.2021ж. №59 бұйрығы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитариялық-гигиеналық қағидалары көрсетілген.

Осы санитариялық ережелерде мектепке дейінгі ұйымдардың аумағы қоршалуы тиіс және аумақта функционалдық байланысты емес обьектілерді орналастыруға жол берілмейді. Балалар саны балабақшаның рұқсат етілген сыйымдылығымен тікелей байланысты.Обьектілерде шаруашылық-ауыз су, ыстық сумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету, жылыту көзделеді. Барлық үй-жайлар күн сайын таза ұстау рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі, жәндіктер, кенелер мен кеміргіштер болуына жол берілмейді. Обьектілердің жиһазы мен жабдықтары балалардың бойлық-жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс.

Обьектілерде ас мәзірінің жасалуын басшы бекітеді. Сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдері қолданылады. Тыйым салынған тамақ өнімдері, кремі бар кондитерлік өнімдерді; қайнатылған және қуырылған жұмыртқа; қаймақпен және майонез дайындалған салаттарды; газдалған, тәтті алкогольсіз сусындарды, гамбургерлерді, хот-догтарды, чипстерді, пастерленбеген сүтті пайдалануға жол берілмейді (толық тізім санитарлық ережелерде бар). Тамақтану сапасын бағалауды ата-аналар комитетінің  өкілі, медицина қызметкері, әкімшілік және аға аспазшы кіретін комиссия өткізеді.

Балабақшаның медициналық қызметкерлері балалардың аурушаңдығын төмендетуге және денсаулығын нығайтуға бағытталған емдеу-алдын алу және сауықтыру іс-шараларын жүргізеді, сондай-ақ қызметкерлердің медициналық тексерулерден уақтылы өтуіне есеп жүргізеді. Барлық қызметкерлердің жұмысқа  жіберілгені туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары болуы тиіс.

Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы барлық қажетті талаптарды сақтау аурулардың алдын алуға, балалардың  дұрыс дене бітімі мен ақыл-ойының  дамуына ықпал етеді, бұл дені сау ұрпақты қалыптастыруға жағдай жасайды.

 

С.Б.Керимбеков,

Шымкент қаласы Қаратау ауданы СЭББ

Санитариялық-гигиеналық қадағалау

     бөлімнің жетекші  маманы