Мемлекетке 437 млн. теңге шығын келтірген

32
ТО ПД

Түркістан облысында пайдалы қазбаларды өз бетінше сатқан 4 күдікті құрықталды. Олар заңсыз жер қойнауын пайдаланумен айналысып, мемлекетке 437 миллион теңге шығын келтірген. Полиция аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі: «Тәртіп сақшылары тінту кезінде күдіктілерден 1 экскаватор, 1 жүк тиегіш, 4 жүк көлігі және басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркілеп алды»